Жексенбі, 10 тамыз күні Солтүстік Еуропа мен Балтық елдерінің басшылары Украина мен Ресей арасындағы соғысты аяқтау жөніндегі келіссөз атыс тоқтатылады деген шарт орындалса ғана өтуі мүмкін екенін және "Киевтің қатысуынсыз ешқандай шешім қабылданбауға тиіс" екенін мәлімдеді.
Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия мен Швецияның мемлекет және үкімет басшылары бірлескен мәлімдемесінде Украинаның егемендігіне, тәуелсіздігіне және жерінің тұтастығына "мызғымас қолдау" білдірді.
Солтүстік Еуропа мен Балтық елдерінің басшылары АҚШ-тың "соғысты аяқтауға көмектесу" бастамасын құптағанымен, мәлімдемеде келіссөзге Украина мен Еуропаның қатысуы міндетті екенін ерекше атап өтті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ WSJ: Украина мен Еуропа АҚШ-қа соғысты тоқтату жоспарын ұсынды"Украина халқы өз тағдырын өзі еркін таңдауы керек. Украина үнсіз қалған жағдайда бейбітшілікке жол ашу мүмкін емес, — делінген құжатта. – Украинасыз Украина жөнінде, Еуропасыз Еуропа жөнінде ешқандай шешім қабылданбауға тиіс".
Бұған қоса бірлескен мәлімдемеде "келіссөздер атысты тоқтату шарты орындасла ғана өтетіні" айтылған.
Сонымен бірге, Украинаға алдағы уақытта да қаржылай және әскери көмек көрсету жалғасатынын, сондай-ақ Ресейге қарсы енгізілген "шектеу шаралары" сақталатынын және оларды күшейтуге дайындық жасалып жатқанын растаған.